Синоптиктер 2016 жылы 19-21 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті.
"Қазгидромет" мамандарының болжамына сәйкес орталығы Таймырда орналасқан суық антициклон Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарына әсер етеді. "Алдағы тәулікте 19 және 20 қаңтарда нағыз крещен аяздары болады деп күтіледі. Түнде температура минус 30-35 градусқа дейін аяз түсіп, күндіз 20-25 градус болады. Ол қатты жел және бұрқасынмен жүреді", − делінген хабарламада.
21 қаңтарда антициклон мен аяз оңтүстік циклонның қысымымен шығысқа қарай жылжиды. Республиканың батысында циклон әсерінен Қара теңізден жылымық қар келеді. Жел секундына 15-25 метрге жетеді және температура климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Оңтүстікте ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады.
Дереккөз: Tengrinews.kz