- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы мереке күндері...
Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Аяз біртіндеп сына бастайды. Бірақ арктикалық антициклон Қазақстанның шығысына ығысады, сондықтан өңірде аяз болады. 15-16 желтоқсанда еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөлімдер өтіп, қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, бұрқасын болып, таулы аудандарда тұман түсіп, республиканың батысында шаңды дауыл күтіледі.
"Түнде ауа температурасы батыста 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және орталықта 10-25 градус аязға дейін, солтүстікте 17-28 градус аязға дейін, оңтүстікте 5-18 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 градус аязға дейін біртіндеп жоғарылайды, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова