Алдағы күндері тағы да толассыз жаңбыр жауады

Қазгидромет 22, 23 және 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.

"Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", - деді синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін:

  • 22 және 24 сәуірде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында -3°С дейін;
  • 22 сәуірде Қарағанды облысында -1°С дейін;
  • 22–23 сәуірде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1°С-тан -8°С-қа дейін;
  • 24 сәуірде Ақмола және Қостанай облыстарында -1…-3°С дейін суытады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз