- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндер тағы...
Алдағы күндер тағы да жаңбырлы болмақ
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Алдағы күндер тағы да жаңбырлы болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның барлық өңіріндегі ауа райына кезекті циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Салдарынан 28 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта ылғалды қарға айналуы мүмкін.
Температура бойынша айтарлықтай жоғарылау күтілмейді - 28 мамырда батыста, солтүстікте және орталықта, 29-30 мамырда шығыста түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.
Еліміздің батысында ғана жоғары қысым өрісі жауын-шашынның тоқтауына және түнде де, күндіз де ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әкеледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина