Қазгидромет 3, 4, 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кезекті циклон ел аумағына ығыса бастаған. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік аймақтарда түнде қар жауады, ал кейбір өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
5 сәуірде Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Сондай-ақ, Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз