- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері республиканың...
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото:
massagetkz
Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде қалыпты жылы, аздаған өткінші жаңбырлы ауа-райы күтіледі, - деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.
"Батыста ғана алдағы күндері жаңбыр сақталады. Содан кейін осы облыстардың аумағына алдыңғы Азия аудандарынан өте жылы ауа ағысы келеді. Оның әсерінен ауа температурасы 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Әлбетте бұл, осы кезеңгі климаттық нормадан жоғары", − делінген хабарламада.
Дереккөз:Tengrinews.kz
С. Ерсін