Алдағы үш тәулікте ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. 12 қаңтар күні республиканың оңтүстік аудандарында күн аздап суытады. 13-14 қаңтар жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс аудандарда Оралда қалыптасқан циклонге байланысты ауа-райына атмосфералық фронттар әсер етеді.
Синоптиктер 11 қаңтарда солтүстік және батыс облыстарында қар жауып, боран тұрғанын және секундына 15-20 метрге жететін жел соққанын, ауа райының климаттық нормадан 8-13 градусқа жоғары болғанын айтты.