Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап болады, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
14 тамызда күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап күтіледі. Ақтөбе қаласында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, күндіз таулы, тау етегіндегі аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. Қонаев қаласында 14 тамыз күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
14 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 14 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Күндіз 14 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында күндіз 14 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
14 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 14 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
14 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысыңың солтүстігінде, шығысында, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Павлодар қалсында 14 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.