Синоптиктер 2016 жылдың 23-25 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері. Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.
"Баренц және Карск теңізінің аумағынан толассыз келіп жатқан ауа массалары, Қазақстан территориясының басым бөлігіндегі жиі жауған жаңбыр мен қоңыр салқын ауа райының сақталуына себепші болып отыр. Алдымыздағы үш тәулікте, республикамыздың барлық дерлік облысында ауа температурасы көпжылдық орта белгіден төмен болады", − делінген хабарламада.
Сонымен қатар,оңтүстікте, оңтүстік-шығыс және шығыста сенбі күніне қарай температура норма деңгейіне келіп және одан жоғары көтеріледі.
Дереккөз: tengrinews.kz