Алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның бүкіл аумағының ауа-райына Атлантикалық циклон өз әсерін сақтап, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ бұран, көктайғақ және екпінді жел секундына 15-28 метр болады.
29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде өте қатты жел екпіні секундына 30 метр және одан аса болады деп күтіліп отыр.
30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 аязға дейін аздаған төмендеуі күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!