- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері Қазақстанда...
Алдағы күндері Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн жылына бастайды. Синоптик мамандардың айтуынша, батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +30+37 градус ыстықты көрсетеді, - деп хабарлайды nur.kz тілшісі "24.kz" сайтына сілтеме жасап.
Тіпті кей жерлерде 40 градусқа дейін жетуі мүмкін. Солтүстік және орталық аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстанда қатты екпінді жел болуы ықтимал.
Мамандар тұрғындарды келеңсіз жағдайларға тап болмауы үшін ерекше сақ болуға шақырады. Ал Eлорда тұрғындары болса далаға шықпас бұрын қолшатырды ұмытпағаны жөн.
«Ертең Астанада күн құбылмалы. Түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай байқалады. Түнгі температура 10-12 градус жылы, ал күндізгі 23-25 градус жылы. 17-18 маусымда күн жауын-шашынсыз. Түнгі температура 12-14 градус, ал күндізгі температура 26-28 градус жылы болады», — дейді инженер-синоптик Саида Бердібекова.