Алдағы күндері қай өңірлерде қатты аяз болады?

Алдағы күндері қай өңірлерде қатты аяз болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет 15, 16, 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Ауа температурасы төмендейді

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон ықпал етеді. Сондықтан республика бойынша ауа температурасы төмендейді.

Қай өңірлерде қатты аяз болады?

  • 15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнде ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді.
  • Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз болады.

Қар, тұман, көктайғақ

15-16 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде қатты қар жауып, көктайғақ болады. 16-17 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында да қатты қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget