- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері қатты...
Алдағы күндері қатты ыстық болатын өңірлер аталды
Фото:
depositphotos.com
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел соғады.
"5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде елдің шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, елдің батысында күндіз +33+43 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова