Қазгидромет 17, 18, 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында барикалық құрылымдар жылдам ауысады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан батыс, кейін солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады.
Ал республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан ығысатын ауа массасы ықпалынан жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!