- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері жаңбыр...
Алдағы күндері жаңбыр тоқтай ма?
Фото:
depositphotos.com
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Соған орай елдің солтүстік-шығыс, шығыс өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде қысқа мерзімді жауын-шашын жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, 13 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл мен жел күшейеді.
"Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20+35 градусқа дейін төмендейді, қалған өңірлерде өзгерістер күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова