- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері жаңбыр...
Алдағы күндері жаңбыр қарға ұласып, күн суытады
Синоптиктер 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын, қарға ауысатын жаңбыр болжанады, түнде ауа температурасы -2-7 градусқа дейін суытады.
Қалған территорияда Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі.
Ауа температурасы күндіз: елдің батысында +18+26°С дейін, солтүстігінде, шығысында +5+10°С дейін, орталығында +7+15°С дейін, оңтүстігінде +12+20°С дейін, таулы аймақтарында +2+10°С дейін төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина