Алдағы күндері жаңбыр жауады

Алдағы күндері жаңбыр жауады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 19, 20, 21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан аумағы арқылы циклондар мен атмосфералық фронттар өтеді, соның әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Алдағы күндері жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды.

"Қазақстанның  батысында, солтүстігінде, 19-20 маусымда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін. Солтүстік және шығыс өңірлерде күндіз ыстық басылып, ауа температурасы +20…+28 °C-қа дейін төмендеп, жайлы болады", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget