- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері еліміздің...
Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жауады
Фото:
hq-oboi.ru
Демалыс күндері өткен жаңбыр, шаңды дауылды қатты желге қарамастан, Қазақстанның ауа температурасы климаттық нормадан 1-3 градус, оңтүстік және шығыс өңірлерде 3-8 градус жоғары. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстігінде және шығысында осы аумаққа жылжитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және аздаған суықтан кейін қайтадан температураның көтерілуі күтіледі.
Қазақстанның батысында және солтүстігінде бәрі керісінше.
Егер жақын арадағы екі тәулікте жылылық және жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, онда Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батыс аудандарынан жылжитын циклон 8 қазанда жаңбыр әкеледі, түнгі уақытта жылбысқы қар жауып, күннің суыта түсуіне соқтырады.
Дереккөз: Nur.kz
Е. Жұмабайұлы