Мәселен, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде сынап бағанасы 0-5 градус шамасында болса, оңтүстік, батыс аймақтарда 10 градусқа дейін жылы болады.
Кей жерлерде күн бұлттанып, жауын-шашынды болады. Соңы көктайғаққа ұласып, тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Алайда мамандар Астана мен Алматы қалаларында жауын жаумайды деп болжап отыр.
Алуа Саханова, «Қазгидромет» РММ инженер-синоптигі: - Астана қаласы бойынша ауа райы көшпелі бұлтты болады. Жауын-шашынсыз. Оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 3-5 градус аяз болса, күндіз 0 градус шамасында болады. Ал Алматы қаласы бойынша жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында болса, күндіз 6-8 градус жылы болады.
Дереккөз: 24.kz