Елімізде алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынды болады. Мамандар 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан ауа райына атмосфералық фронттармен оңтүстік және батыс циклондарының әсері сақталады. "Сондықтан жиі өткінші жаңбыр жауып, оңтүстікте найзағай ойнайды, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін дауылды жел соғады. Тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Температура, бұрынғыша климаттық нормадан 3-10 градусқа жоғары болады", − дейді мамандар.
Дереккөз: tengrinews