Алдағы күндері елдің батысында нөсер жаңбыр болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Жақын күндері Өзбекстан жақтан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық дерлік аймақтарына қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылу әкеледі.
Республиканың солтүстігі мен шығысының кейбір аудандарында түнде теріс температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға қарай термометрлер күндіз 20-28 градусты көрсетеді.
Бірақ батыстағы облыстарда тұрақсыз ауа райы болады, біріншіден, оңтүстік циклоны өзімен бірге найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклон жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!