Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етіп, батыс және солтүстік-батыс өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауып, қатты жел соғады.
"27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда еліміздің батысында, солтүстігінде жаңбыр қарқыны қатты болады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады", - деп жазылған мәліметте.
27 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда оңтүстікте, 29 маусымда солтүстікте, орталықта аптап ыстықтың беті қайтады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында +40+43 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!