Қазгидромет 11, 12, 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Боран соғады
Алдағы күндері республика аумағына атлантикалық циклон жылжи бастайды. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда боран соғып, қар жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Ауа температурасы
Ауа температурасы да өзгереді:
- Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 5-15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0-5 градус аяз болады.
- Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-8 градус жылы болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова