Қазгидромет синоптиктері 11-13 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы болады. Солтүстік аймақтарда аз уақыт аяз болады, ал оңтүстік аймақтарда қатты жауын-шашын қарға ұласады. Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ та болады.
"Батыста 11 және 13 қаңтарда, солтүстікте 11-12 қаңтарда аяз сезіледі, түнде 20-32 градус аязға дейін төмендейді", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!