Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжауынша, найзағай, қатты жел, бұршақ күтіледі.
Ең қарқынды жаңбыр 8-9 тамызда батыста, 8-10 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста күтіледі.
Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Қазақстанның оңтүстігінде күндіз +38+45°С өте қатты ыстық, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!