- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы күрт суытады
Синоптиктер 2, 3 және 4 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қатты нөсерден кейін Солтүстік антициклон ықпал етеді.
"Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, аспанда бұлттар көбейеді, жаңбыр болжанады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, тіптен қатты жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.
Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, республиканың солтүстігінде тұман күтіледі.
Г. Досымшалова"Күндіз батыста +28 +33 градус, оңтүстік-батыста +33 +38 градус, солтүстік-батыста +18 +28 градус. Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +17 +28 градус, елдің оңтүстігінде болса +25 +34 градус болады. Ал оңтүстік-шығыста +30 +35 градустан +25 +30 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22 градус болады", - делінген болжамда.