- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
pexels.com
Синоптиктер 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейін аумақта батыстан шығысқа қарай солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар ауысады. Соған сәйкес жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейді. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы ашық болады.
"Түнде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 2 градус аяз, 10 градус жылы болады. Күндіз елдің солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 10-15 градустан 5-10 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова