Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жаңбыр, қар жауады.
12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша көктайғақ болып, жел тұрады, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.
"Ауа температурасы шығыста түнде 3-11 жылыдан 3 градус аяз, 8 градус жылы температураға дейін, күндіз 10-22 градус жылыдан 4-15 градус жылы температураға дейін, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10-18 градус, таулы аудандарда 2-7 градус жылыдан 0-10 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аязға дейін, күндіз 22-27 градус, таулы аудандарда 10-15 градус жылыдан 7-15, таулы аймақтарда 0-5 градус жылыға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!