- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жел соғып, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде, таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.
"Елдің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 градусқа дейін, таулы аудандарда 8-13 градус жылы температураға дейін біртіндеп төмендейді", - делінген хабарламада.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әлемдегі ең қымбат сағат қанша тұрады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова