Синоптиктер 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Батыста 11-12 мамырда, солтүстік-батыста, солтүстікте 12-13 мамырда, елдің орталығы мен шығысында 13 мамырда қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.
"Республика бойынша ауа температурасы төмендейді. Солтүстік пен шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде 5-15 градус жылы ауа температурасына дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!