- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Pixabay.com
Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтар мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары қысымды өріс ықпалында болады. Ауа райы аязды, желсіз және жауын-шашынсыз ашық болады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жауын-шашын күтіледі: республиканың батысында, шығыста қар жауады, республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын болжанады.
"Оңтүстік облыстарда ауа температурасы күндіз 7-12 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, оңтүстікте жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек