- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, республиканың ауа райына атлантикалық циклон әсер етеді. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-28 метрге жетеді. Ал 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында жел екпіні 30 метрге жетеді.
Аптаның соңында солтүстік-батыс антициклон ауа райына әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыста, шығыс пен орталықта 10-20 градус аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 2-10 градус аязға дейін, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова