- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 27, 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет синоптиктері мәліметінше, 27 қазанда солтүстікте, 27-28 қазанда шығыста жауын-шашын сақталады. Ал шығыста қар аралас жаңбыр күтіледі. Аптаның ортасында батыс өңірлерге, кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны ауысады, сондықтан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
28 қазаннан бастап елдің батысына циклон жырасына байланысты жауын-шашын жауады. 27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ пен тұман болжанып отыр.
Ел аумағы бойынша ауа температурасы:
- батыста түнде 8 градус аяздан -7 градус жылыдан 2 градус аяз - 8 градус жылы, күндіз 3-15 градус жылыдан 2-10 градус жылыға дейін төмендейді;
- солтүстік-батыста түнде 10 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 5 градус аяз - 5 градус жылы;
- солтүстікте түнде 5 градус аяз - 5 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін шамалы ауытқиды;
- орталықта түнде 8 градус аяз - 6 градус жылыдан 3-13 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяз -10 градус жылыға дейін төмендейді;
- шығыста түнде 5 градус аяз - 6 градус жылыдан 3-12 градус аязға дейін, күндіз 5-12 градус жылыдан 6 градус аяз - 2 градус жылыға дейін төмендейді;
- оңтүстікте түнде 3 градус аяз - 8 градус жылы, күндіз 2-10 градус жылыдан 7-15 градус жылыға дейін жоғарылайды;
- оңтүстік-шығыста түнде 8 градус аяз - 10 градус жылыдан 10 градус аяз - 5 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 2-15 градус жылыдан 5 градус аяз - 10 градус жылыға дейін төмендейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова