- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 20, 21, 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Жаңа Жер аудандарынан келетін циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста аптаның соңына қарай қатты жауын-шашын болады, тіпті жаңбыр соңы қарға ұласады. 20 қазанда оңтүстікте, елдің оңтүстік-шығысында аптаның екінші жартысында жауын-шашынсыз жылы ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейетіні болжанып отыр, 22 қазанда солтүстікте көктайғақ, ал оңтүстіктің таулы аймақтарында найзағай ойнайды.
Ауа температурасы:
- батыста түнде 3-13 градус жылыдан 3 градус аяз -7 градус жылыға дейін, күндіз 10-20 градус жылы температурадан 2-15 градус жылы температураға дейін төмендейді;
- солтүстік-батыста ауа температурасы шамалы төмендейді, түнде 3 градус аяз - 8 градус жылыдан 3 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 8-18 градус жылыдан 2-8 градус жылыға дейін төмендейді;
- солтүстікте ауа температурасы түнде 0-6 градус жылы температурадан 0-10 градус жылы температураға дейін жоғарлайды, күндіз 5-12 грудас жылы температурадан 0-8 градусқа дейін төмендейді;
- ел орталығында ауа температурасы түнде 1 градус аяз - 8 градус жылы температурадан 3-9 градус жылы температураға дейін жоғарлайды, күндіз температура 7-18 градус жылы болады;
- шығыста түнде 2 градус аяз - 8 градус жылы температура болады, күндіз ауа температурасы 3-15 градус жылыдан 9-18 градус жылы температураға дейін жоғарылайды;
- оңтүстікте түнде ауа температурасы 3 градус аяз - 5 градус жылыдан 0-13 градус жылыға дейін, күндіз 12-20 градус жылыдан 12-26 градус жылы температураға дейін жоғарылайды;
- оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз - 6 градус жылыдан 2 градус аяз - 10 градус жылыға дейін, күндіз 5-15 градус жылыдан 15-25 градус жылы температураға дейін жоғарылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова