Қазгидромет синоптиктері 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның шығыс бөлігінде еуропалық антициклон әсерінен ауа райы жылы болады. Ал елдің батысы мен солтүстік-батысында Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон әсерінен ауа райы бұлтты, жаңбырлы болады.
"Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз ауа температурасы 15-20 градус, оңтүстікте 20-25 градус, ал батыста, солтүстікте 20-25 градус жылы болады. Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы 6-15 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!