- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 22, 23 және 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алдағы үш күнде жылы болады. Атмосфералық ауа райы әсерінен республиканың басым бөлігінде құрғақ және ашық ауа райы сақталады. Фронталь учаскелерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктер Қазақстанның барлық аумағында күндіз 20-34 градус болатынын, түнде күн салқын болатынын айтты. Республиканың батысында ғана аптап болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова