Синоптиктер 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Болжам бойынша, таяуда республиканың батыс, солтүстік, шығыс облыстарына атмосфералық фронталь бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады. 19-20 тамызда облыстың шығысында нөсер, бұршақ жауады, ал республиканың қалған бөлігінде жағдай өзгермейді, жоғары атмосфералық қысымға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның солтүстік жартысында түнде 2 градус үсік жүреді.
"Батыста ауа температурасы түнде +18...+26 градустан +12...+23 градусқа дейін, күндіз +30...+38 градустан +27...+35 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте түнде +13...+20 градустан 10...+17 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +22...+28 градусқа дейін, республиканың оңтүстік-шығысында +12...+18 градустан 8..+15 градусқа дейін, күндіз +25...+30 градустан +18+23 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде +2...+10, күндіз +13...+18 градус, оңтүстікте +23 градус болады", - делінген хабарламада.