- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 6, 7 және 8 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
"Елдің қалған бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронталь бөліктер ықпалына байланысты болады. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болуы мүмкін, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, жел болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды:
- күндіз батыста +30 +37 градус;
- оңтүстік-батыста +27 +37 градус;
- солтүстік-батыста +27 +35 градус;
- солтүстікте, шығыста +22 +30 градус;
- орталықта +20 +28 градус;
- оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус;
- таулы аймақтарда +25 градус шамасында.
Ж. Қадыржанова