- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Tengrinews.kz
Синоптиктер 30, 31 шілде және 1 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Найзағай ойнап, бұршақ, жауын-шашын жауады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Болжамға сәйкес, республиканың солтүстігінде түнде термометр бағаны +7 +12 градусқа дейін көрсетеді, күндізгі ауа температурасы солтүстікте +15 +25 градус, батыста +30 +35 градус, елдің орталығы мен шығысында +20 +28 градус, ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33 градус болады.
Ж. Қадыржанова