"Қазгидромет" РМК мамандары 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Болжамға сәйкес, орталығы Салехард аймағында орналасқан Солтүстік антициклонның жотасы еліміздің солтүстік бөлігіне әсер етеді, оңтүстік өңірлер төмен қысым мен фронтал бөліктер ықпалында болады. Республиканың басым бөлігінде күн жылынған сайын ауа массалары тұрақсыз болады, бұл жауын-шашынның түсуіне себепші болады: 12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында найзағай, жел соғып, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Ауа температурасы күндіз батыста +34+42 градус, оңтүстік-батыста + 40+45 градус, солтүстік-батыста +28+35 градустан +30+40 градусқа дейін, солтүстікте +25+33 градустан +22+30 градусқа дейін ауытқиды, орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасының +22+32 градустан +17+25 градусқа дейін төмендеуі, оңтүстікте температураның +29+37 градустан +32+40 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында + 22+32 градустан +25+35 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі", - делінген хабарламада.