- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер 2, 3 және 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"2 шілдеде батыста, 3 шілдеде солтүстік-батыста, 4 шілдеде республиканың оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, сондай-ақ, бұршақ жауып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында салқын ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін шілдеде ауа райы қандай болатыны хабарланды.
Ж. Қадыржанова