- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстанда 26 маусымда 40 градусқа дейін аптап болады, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
26 маусымда күндіз Қарағанды облысының орталығында, оңтүстікте, шығыста найзағай болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз оңтүстік-шығыста, шығыста, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус ыстық сақталады.
Ұлытау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың көп бөлігінде 35-39 градус аптап сақталады.
Ақмола облысының басым бөлігінде түнде солтүстікте, шығыста, күндіз найзағай болады. Күндіз батыста, оңтүстікте, шығыста бұршақ, дауыл. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында түнде найзағай соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15 метр жел соғады.
Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр болады. Күндіз 37 градус ыстық сақталады. Конаев қаласында 37 градус ыстық сақталады. Күндіз Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз 37 градус ыстық сақталады.
Қостанай облысында түнде батыста, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда облысында 40-44 градус аптап сақталады. Жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде күндіз, түнде солтүстікте, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз 35-37 градус аптап сақталады. Батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Орталықта, Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
26-27 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ болады. 26-27 маусымда таңертең және күндіз солтүстік-батыстан, облыстың батысы мен солтүстік-шығысында, таулы аудандарда секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус аптап болады.
G. Dosymshalova