- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алдағы күндері ауа...
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Қазгидромет 23, 24 және 25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік циклон өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық - 40 градусқа дейін болады. Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында да қатты ыстық болып, 45 градусты көрсетеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус ыстық болады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында найзағай ойнап, дауыл соғып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Ж. Қадыржанова