Синоптиктер 2016 жылдың 27-29 қазанына арналған болжамын жария етті,-mдеп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
- Cуық антициклон солтүстік-шығыс бағытында ақырындап Сібірге қарай жылжып барады. Оның орнына Поволжьядан республиканың алдымен батыс, содан кейін солтүстік облыстарында жауын-шашын тудырып, шығысына қарай жаңа циклон келе жатыр, - деп болжайды синоптиктер.
Ал оңтүстік облыстарға осы циклонмен байланысты жылы фронт ықпал етеді. Онымен бірге 28 және 29 қазанда ауа температурасы жоғарылап, кей жерлерде жаңбыр жауады.