Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 4, 5 және 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елордада күн суыса, оңтүстікте жел күшейіп, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана

4 қазанда күн бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн аяғында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +8…+10 градус, күндіз одан әрі төмендейді.

5 қазанда күн бұлтты болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей уақытта 30 метр және одан да көп болады. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +3…+5 градус болады.

6 қазанда да күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде екпіні 23-28 метр болады. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +2…+4 градус болады.

Алматы

4 қазанда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +12…+14 градус, күндіз +26…+28 градус болады.

5 қазанда күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8, кей уақытта екпіні 15-18 метр болады. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

6 қазанда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Ауа температурасы түнде +5…+7 градус, күндіз +13…+15 градус болады.

Шымкент

4 қазанда күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде және күндіз +15…+17 градус болады.

5 қазанда күн бұлтты болады, түнде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы секундына 8-13, екпіні 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде +8…+10 градус, күндіз +13…+15 градус болады.

6 қазанда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Ауа температурасы түнде +5…+7 градус, күндіз +15…+17 градус болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget