Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 6, 7, 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері суық антициклон ел аумағынан ығысады. Жауын-шашын жауады. Десе де солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 3 градус аяздан күндіз 2 градус жылыға дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік өңірлердің тұрғындарын жылы ауа райы қуантады, жауын-шашын да тоқтайды. 8 қарашада күндіз ауа температурасы +10…+15°С-қа дейін көтеріледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget