Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 8, 9, 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы алдағы үш күнде де сақталады. Найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста қатты жаңбыр жауады, шығыста да түнгі уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасы

  • Батыс өңірлерде: түнде температура +5…+13°C-тан +1…+9°C-қа дейін төмендейді, күндіз +15…+25°C-тан +10…+20°C-қа дейін өзгереді.
  • Солтүстік пен орталықта: түнде 0…+8°C-тан +2…+12°C-қа дейін, күндіз +10…+20°C-тан +17…+25°C-қа дейін жоғарылайды.
  • Шығыста: түнде аздап салқын болады, -2…+7°C-тен -5…+5°C-қа дейін, күндіз біртіндеп жылынып, +13…+21°C-тан +17…+25°C-қа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік өңірлерде: түнде +10…+15°C болса, күндіз +20…+28°C-тан +23…+32°C-қа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік-шығыста, оның ішінде таулы аймақтарда: түнде +5…+12°C, таулы жерлерде -3…+2°C-тан +3…+8°C-қа дейін, күндіз +15…+25°C-тан +12…+20°C-қа дейін ауытқиды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget