Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 11, 12, 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның солтүстік жартысындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді. Салдарынан қар жауады, боран соғып, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.

Ал елдің батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен күн шуақты болады. ҚР бойынша тұман түседі.

"Елдің солтүстігінде ауа температурасының түнде 5-10-дан 12-17-ге дейін, күндіз 0-5 аяздан 2 аязға дейін-3 жылы, елдің шығысында 5-13-тен 15-25-ке дейін, күндіз 6-3-градустан 4-13 градусқа дейін болады, елдің батысында, оңтүстігінде ауа температурасы ауытқиды: түнде 4 аяздан-5 жылы 3-8 жылыға дейін, күндіз 5-13-тен 10-22 градусқа дейін", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз