Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Синоптиктер 23, 24, 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арктикалық суық Қазақстан аумағына ығысып, алдағы үш күнде температура одан әрі төмендейді.

23-24 қаңтарда еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде солтүстік-батыс циклоны әсерін сақтап қалады, бұл аймақтарда қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.

Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжанып отыр.

"Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз. Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейетін қатты аяз күтіледі. Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус аяз шамасында сақталады", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget