Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 7, 8, 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 қаңтардан бастап республиканың басым бөлігінің ауа райына Оңтүстік-Каспий циклоны әсер етеді. Сондықтан:

  • елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, боран, кейде қалың қар болжанады;
  • республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады;
  • Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

8 қаңтарға қараған түні батыс антициклон әсерінен ауа температурасы күрт төмендейді:

  • түнде республиканың солтүстік жартысында 15-25 градус аязға дейін,
  • оңтүстігінде 5-15 градусқа дейін,
  • Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күтіледі.

Алайда 9 қаңтарда түстен кейін ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5 градус аязға дейін болса, оңтүстікте 0-5 градус жылы температураға дейін көтеріледі.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз